Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 18.06.2021, 10:00
  • 18.06.2021, 17:00

Абдираманова Жазира 18.06.2021, 11:50, Сұрақ нөмірі: 10510

  • 0

Сәлеметсіз бе, Рафхат Төлеуғалиұлы! Қазіргі кездерде сайттардағы жарияланған конкурстардың хабарландыруында қажетті құжаттардың тізбесінде тест сертификаттары сұратылмайдығын байқап жүрмін. Сонда, тест тапсырмай-ақ конкурстарға қатысуға болады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.June.2021, 13:12

Құрметті Абдираманова Жазира! Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға өткізілетін конкурстарға қатысу үшін азаматтар заңнаманы білуге арналған тестілеу мен жеке қасиеттерін бағалау тестілеуін міндетті түрде тапсыруы қажет. Қазіргі қолданыстағы конкурс өткізу Қағидаларының талаптарына сәйкес бос лауазымдарға орналасуға өткізілетін жалпы конкурстарға қатысу үшін алғашқы кезде тек 3 құжат, яғни өтініш, кандидаттың қызметтік тізімі және білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшірмелері ғана талап етіледі. Осы жерде, жалпы конкурстарға қатысу үшін конкурс өткізетін мемлекеттік органға осы аталған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе үйіңізден шықпай-ақ почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға болады. Ал, конкурс жариялаған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі, яғни кадр қызметі «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжат тапсырған азаматтардың құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуге арналған тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаты бен уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.