Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 18.06.2021, 10:00
  • 18.06.2021, 17:00

Сеилханова Балжан 18.06.2021, 11:56, Сұрақ нөмірі: 10511

  • 0

Мемлекеттік қызметте біраз жыл тәжірибем бар. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметке қайтадан келсем деймін. Егер де мен мемлекеттік қызметке қайта тұрған жағдайда маған сынақ берзімі белгіленеді ме?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.June.2021, 13:13

Құрметті Сеилханова Балжан! Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы №273-VI Заңымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Осы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сәйкес, аталған Заңның 20-бабының 1-тармағында қызметін бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не теріс себептер бойынша бұрын мемлекеттік лауазымнан шығарылған және мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кіретін азаматтарға сынақ мерзімі міндетті түрде белгіленетіндігі айқындалған. Осыған сәйкес, егер де Сіз бұрынғы атқарған мемлекеттік қызметтен бағалау, сынақ мерзімінің нәтижесі мен аттестаудың қорытындысы немесе теріс себептермен босатылмаған болсаңыз, онда алдағы уақытта мемлекеттік қызметке тұрған жағдайда, Сізге қатысты жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес сынақ мерзімі белгіленбейді.