Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 18.06.2021, 10:00
  • 18.06.2021, 17:00

Тажимбетова Арайлым 18.06.2021, 13:43, Сұрақ нөмірі: 10512

  • 0

Саламатсыз ба, Рафхат Төлеуғалиұлы? Бұрын сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сотталған тұлға неше жылдан кейін мемлекеттік қызметке қайта кіре алады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.June.2021, 17:47

Құрметті Тажимбетова Арайлым! Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағы 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметке сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларды қабылдауға тиым салынады. Яғни, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғалар мемлекеттік қызметке кіре алмайды.