«Жастарды дамытудың өзекті мәселелері бойынша «JASTAR: ózekti másele»
Аталған интернет-конференция барысында сұрақтарға жауап беру, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатымен байланысты ұсыныстарды қарастыру жоспарлануда.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 24.06.2021, 10:00
- 24.06.2021, 18:00
Айдаров Мирамбек 24.06.2021, 11:00, Сұрақ нөмірі: 10517
Жастар саясаты туралы сұрақ жоқ. Бырақ жастарды жасыл ел бағдарламасымен жұмысқа қабылдау биыл қолға алынды ма немесе алына ма?! Алдын ала рақмет
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 29.June.2021, 11:00
Құрметті Мирамбек! Сіздің «Жасыл Ел» бағдарламасына қатысты келесіні мәлімдейміз. «Жасыл ел» жобасы – жастарды маусымдық жұмыспен қамту, қалалар мен елді-мекендерді көгалдандыру және абаттандыру, экологиялық және мемлекеттік маңыздағы жобаларды жүзеге асыру арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарымен айналысып келе жатқан қозғалыс. Осы 15 жылдың ішінде «Жасыл ел» жобасы аясында 300 мыңнан астам жастар маусымдық жұмыспен қамтылып, 180 мың гектар аумақ игеріліп, 44 миллионнан астама ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, биылғы жылы барлығы 30 мың адамды жұмысқа қамту көзделуде. Оның ішінде 10 мың ауыл жастарының жұмысқа орналастыру жүргізуде. Анықтама: Ақмола обл. – 1356 адам, Алматы обл. – 2000 адам, Атырау обл. – 1756, Ақтөбе обл. – 1756, Солтүстік Қазақстан обл. – 1421 адам, Шығыс Қазақстан обл. – 2000 адам, Батыс Қазақстан обл. – 1475 адам, Қарағанды обл. – 1975 адам, Қызылорда обл. – 1871 адам, Қостанай обл. – 1800 адам, Жамбыл обл. – 1756, Маңғыстау обл. – 1756 адам, Түркістан обл. – 1989 адам, Павлодар обл. – 1931 адам, Нұр-Сұлтан қаласы – 1956 адам, Алматы қаласы – 1889 адам, Шымкент қаласы – 1313 адам. Министрлік Сіздің азаматтық белсенділігіңіз үшін және жастар саясаты саласына қатысты көтерген мәселенезге алғысын білдіреді.