Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі және іске асырылып жатқан шаралары туралы
Интернет-конференция барысында азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша сұрақтарын жолдап, Департаменттің жұмысын одан әрі жандандыру бойынша ұсыныстарымен бөлісе алады
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 24.06.2021, 09:00
- 24.06.2021, 17:00
Айдаров Мирамбек 24.06.2021, 11:01, Сұрақ нөмірі: 10518
Бұл тақырыпта мүлдем сұрақ жоқ. Алдын ала рақмет
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 24.June.2021, 15:43
Сәлеметсіз бе, Мирамбек Айдаров. Пікіріңіз үшін рақмет. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты бағыты - бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру арқылы азаматтардың жоғары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған алдын-алу. Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен бірлесіп, тиісті жұмыстар жүргізуде. Осы тұрғыда Сізді белсенді азаматтық ұстанымға және сыбайлас жемқорлыққа "нөлдік" төзімділік танытуға шақырамын. Егер Сізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаса, сіз әрқашан Департаменттің Аntikor-орталығына (Көкшетау қ., Назарбаев даңғылы, 71) хабарласа аласыз. Бұдан басқа, тәулік бойы режимде 1424 бірыңғай тегін Саll-орталығы жұмыс істейді, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.