«Аймақтағы медицина саласында атқарылып жатқан шаралар»
«Аймақтағы медицина саласында атқарылып жатқан шаралар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.06.2021, 10:00
- 24.06.2021, 17:00
Аубакиров Канат 24.06.2021, 13:21, Сұрақ нөмірі: 10519
Құрметті Гүлшара Наушақызы, өзіңізге белгілі өткен жылдың жаз мезгілінде біздің облысымызда әлемді жайлаған коронавирус індетінің күрделенген кезеңі орын алған болатын. Сізге сұрағым – тағы сол жағдай қайталанған жағдайда бұған өңіріміздің медицинасы қаншалықты дайын?
Қызылорда облысы 24.June.2021, 16:33
Мемлекет басшысының індеттің жаппай таралуының алдын-алуға қатысты тапсырмаларына сәйкес, арнайы іс-шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні барлығы 565 инфекциялық төсек-орын жұмыс жасауда. Оның ішінде реанимациялық 87 төсек-орын. Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау мақсатында 30 карантиндік төсек орындары бар. Ахуал күрделенген жағдайда, облыста барлығы қала және аудандарды қосқанда 3200 төсек-орын ұйымдастыруға мүмкіндігіміз бар.