«Аймақтағы медицина саласында атқарылып жатқан шаралар»
«Аймақтағы медицина саласында атқарылып жатқан шаралар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.06.2021, 10:00
- 24.06.2021, 17:00
Маханбетов Төрехан 24.06.2021, 13:40, Сұрақ нөмірі: 10520
Сізге қояр сұрағым, аймағымызда дәрігер мамандары тапшылығын жою мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Қызылорда облысы 24.June.2021, 16:33
Бүгінде Қызылорда облысы халқына 2423 дәрігер, 9528 орта буын мамандары медициналық қызмет көрсетеді. 2016 жылдан бастап өңірге қажетті медицина мамандықтары бойынша 91 резидентке облыс әкімінің гранты тағайындалды. Одан бөлек, 2018 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетімен жасалған Меморандум аясында облыс әкімінің арнайы гранты бөлініп, қазіргі таңда 100 жалпы тәжірибелік дәрігер жергілікті бюджет қаражаты есебінен даярлануда. Олар бастапқы медициналық–санитарлық көмек көрсету ұйымдарын аймақтық дәрігерлермен толық қамтуға мүмкіндік беретін болады. Одан бөлек мамандар тапшылығын жою мақсатында аймағымыз 109 жас маманмен толықты. Дәрігерлер жетіспеушілігін болдырмау мақсатында басқа профильдегі мамандарға арнайы семинар-оқулар өткізілуде. Коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуіне орай, қосымша 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды.