«Аймақтағы медицина саласында атқарылып жатқан шаралар»
«Аймақтағы медицина саласында атқарылып жатқан шаралар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.06.2021, 10:00
- 24.06.2021, 17:00
Бақытбек Әйгерім 24.06.2021, 16:14, Сұрақ нөмірі: 10521
Адам ауырғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуші ол – жедел жәрдем қызметі. Яғни науқасқа жедел жету үшін бірінші орында ол санитарлық автокөліктің жеткіліктілігі мен жаңалығы. Осы орайда, сұрағым келгені – облыста осы мәселелерді шешу мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда?
Қызылорда облысы 24.June.2021, 16:32
Медициналық көмектің уақытылы және сапалы көрсету көрсеткіштерінің бірі - ол жедел жәрдем қызметі екені барлығымызға мәлім. Бүгінгі таңда облыс бойынша 79 жедел жәрдем бригадалары халыққа қызмет көрсетуде. Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының санитарлық автокөліктерін жаңарту мақсатында Республикалық бюджеттен лизинг арқылы 40 дана санитарлық автокөліктер қараша айының бірінші жартысында толықтай жеткізілді. Одан бөлек 2 жылжымалы медициналық кешен кілттері Жалағаш, Қармақшы аудандық ауруханаларына тапсырылып, қазіргі таңда халық игілігін көруде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.