Ауыл шаруашылығы өндірушілері субсидиялау саласына кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау туралы
Пайдаланушылардың сұрақтарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әшірбаев Әділхан Хасымханұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 29.06.2021
- 29.06.2021, 16:00
Бақытов Әділет 29.06.2021, Сұрақ нөмірі: 10522
Әлеуметтік желілерде Агенттік тарапынан ауыл шаруашылық саласына үлкен талдау жұмыстары жүргізілетіндігі хабарлануда. Осыған байланысты Сіздердің тараптарыңыздан қандай жұмыстар атқарылатындығын білгім келіп еді?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 29.June.2021, 15:18
Сәлеметсізбе! ҚР Сыбайлас жемқорлыққ қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық департаменттері Республика бойынша ауыл шаруашылық саласына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізуді бастады. Сыртқы талдау жұмыстары ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсанындағы №806 қаулысымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу» қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Сыртқы талдау жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады, олар: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.