Ауыл шаруашылығы өндірушілері субсидиялау саласына кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау туралы
Пайдаланушылардың сұрақтарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әшірбаев Әділхан Хасымханұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 29.06.2021
- 29.06.2021, 16:00
Ашимова Жібек 29.06.2021, Сұрақ нөмірі: 10523
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын реттейтін заңнамаларда кемшіліктер бар, әсіресе субсидиялау бағытында. Осындай кемшіліктерді жою бойынша Сіздердің Агенттік жұмыстар атқарады ма?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 29.June.2021, 15:20
Сәлеметсізбе! Қолданыстағы заңнамалардағы кемшіліктер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болып табылады, себебі ол сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына алып келуі мүмкін. Осыған орай, Департамент тарапынан ауыл шаруашылығы саласын кешенді талдау жұмыстарын жүргізу барысында басты бағыттардың бірі сол нормативтік құқықтік актілердегі кемшіліктерді зерделеу болып табылады. Талдау қорытындысы бойынша заңнамада анықталған кемшіліктерді жою бойыша ұсыныстар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.