Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 29.06.2021, 15:00
  • 29.06.2021, 17:00

Жүсіп Алуа 29.06.2021, 16:38, Сұрақ нөмірі: 10528

  • 0

Мен бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. Мемлекеттік қызметке кіруге ниетім бар. Білімім жоғары, егер қызметке тағайындалсам, маған еңбек өтілі қажет пе?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.June.2021, 16:41

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдардағы ең төменгі болып табылатын жетекші маман және бас маман лауазымына жоғары білім болса жеткілікті, бұл ретте жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.