Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 29.06.2021, 15:00
- 29.06.2021, 17:00
Махамбетова Салтанат 29.06.2021, 16:43, Сұрақ нөмірі: 10530
Мектепте мұғалім болып 8 жыл қызмет атқардым. Қазір ауыл әкімініне сайлауға құжаттар жинақталуда. Мен сайлауға қатыса аламын ба? Әлде шектеулер бар ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.June.2021, 16:46
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары бекітілген. Өз кезегінде, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің Е-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына бірқатар үлгілік біліктілік талаптары бекітіліп, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдардағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес азаматтардың сайланатындығы көрсетілгендіктен Сіздің қатысу мүмкіндігіңіз бар деп пайымдаймыз.