Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 29.06.2021, 15:00
- 29.06.2021, 17:00
Курынбаева Гульнара 29.06.2021, 16:52, Сұрақ нөмірі: 10531
Қазір кәсіпкерлікпен айналысып жүрмін. Болашақта мемлекеттік қызметке орналасатын болсам, кәсіпкерлігімді қатар жүргізе аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.June.2021, 16:57
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 13-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында мемлекеттік қызметші кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кірмейтін болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға құқылы еместігі көрсетілген. Бұл ретте, мемлекеттік қызметпен кәсіпкерлік қызметті қатар жүргізу мүмкіндігі жоқ екендігін назарыңызға жеткіземіз.