Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 29.06.2021, 15:00
- 29.06.2021, 17:00
Пернебекова Салтанат 29.06.2021, 16:54, Сұрақ нөмірі: 10532
Мемлекеттік қызметте ауысу тәртібімен конкурссыз лауазымға тағайындалу жүзеге асырылады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.June.2021, 16:56
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабының 10-тармағына сәйкес, «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.