«Халықтың әр түрлі топтарының «Ашық деректерге» қажеттілігін анықтау мәселесі»
«Халықтың әр түрлі топтарының «Ашық деректерге» қажеттілігін анықтау мәселесі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 30.06.2021, 10:00
- 30.06.2021, 17:00
Сайджаппаров Азамат 30.06.2021, 10:09, Сұрақ нөмірі: 10533
Құрметті Гүлшара Наушақызы!
«Ашық деректер» порталында орналастырылған деректер қандай мемлекеттік органдар деректерін қамтиды?
Қызылорда облысы 30.06.2021
Сәлеметсіздер ме! Сұрағыңызға рахмет. Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер жиынтығына сәйкес Қызылорда облысы әкімі аппаратының, 17 облыстық басқармалары, атап айтқанда қаржы, ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармалары мен тағы да бірқатар басқармалардың және Қызылорда облысының Полиция департаменті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаментінің деректері орналастырылған. Аталған деректер өзектендіру мерзімдеріне (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжыл сайын, жыл сайын және қажеттілігіне қарай) сәйкес тексеріп, жинақтап, «Ашық деректер» интернет-порталына орналастырылып отырылады.