Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары туралы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Сүлейменов Қанат Тұрсынбайұлының интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 30.06.2021, 10:00
  • 30.06.2021

Ажығалиев Құрман 30.06.2021, 10:59, Сұрақ нөмірі: 10534

  • 0

Субсидия беру тәртібі, мерзімі және уәкілетті органның өзі туралы ақпарат аз. Мемлекеттік органдар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидияларын алуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабардар етуге міндетті ме?

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 30.June.2021, 11:19

Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.