Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Сүлейменов Қанат Тұрсынбайұлының интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 30.06.2021, 10:00
- 30.06.2021
Сағынаев Диар 30.06.2021, 11:49, Сұрақ нөмірі: 10540
Интернеттен егер 1424 хабарласып крупционерлер туралы хабар берсе, сыйақы алуға болады деп оқыдым. Егер сіздерге корупционерлер туралы ақпарат беретін болсам, маған қандай көлемде сыйақы алуға болады? Мені қалай қорғай аласыздар?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 30.June.2021, 16:38
Қайырлы күн, Сағынаев Диар! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әрқашан азаматтардың, бизнес субъектілері мен инвесторлардың заңды мүдделерін қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында диалог пен тығыз өзара іс-қимыл жасауға дайын. Ағымдағы жағдайға қарамастан, Департаментпен Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі, ақпараттық агенттіктердегі, баспа басылымдарындағы ақпараттық-ағартушылық жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар жалғастырылуда. Әлеуметтік желілер алаңдарында азаматтарға кеңес беру үшін онлайн-қабылдау үздіксіз жүзеге асырылады. Құқықтары бұзылған кез келген адамға білікті көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта барлық өтініштер тек қылмыстық-құқықтық өріс жағынан ғана емес, сонымен қатар превенцияның барлық құралдарын пайдалану арқылы да қаралуда. Сондықтан сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда тікелей 1424 Call-орталығына хабарласу қажет. Департамент сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын іске асыратынын атап өту қажет. ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша (Германия, АҚШ, Ұлыбритания және Гонконг) сыйақы сомасы сараланған болды. Пара сомасының 10% - ын айыптау үкімінен кейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған азаматтар ала алады. Ең жоғарғы сыйақы 4000 АЕК (10 млн 604 мың теңге). Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларында азаматтарды көтермелеудің мынадай жүйесі көзделген: – параның немесе келтірілген зиянның сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК – тен (2 651 000 теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша - сыйақы сомасы (қылмыстың санатына қарай-онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар ) 30-дан 100 АЕК-ке дейін (79 530-дан 265 100 теңге) құрайды.; – егер параның немесе келтірілген зиянның сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК-тен (2 651 000 теңге) асса-сыйақы сомасы көрсетілген соманың 10% - ын құрайды, бірақ 4 000 АЕК-тен (10 604 000 теңге) артық емес.).