«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу»
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Қ. Мұқашев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 09.07.2021, 15:00
- 09.07.2021, 19:00
Коздигарин Берик 09.07.2021, 17:42, Сұрақ нөмірі: 10549
Мемлекеттік қызметке кіруге арналған тестілеу заңдарына өзгерістер енгізілді деп естідім. Ол қандай өзгерістер екен?
Ақтөбе облысы 09.July.2021, 18:03
Сәлеметсіз бе?! Иә, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және құқық қорғау қызметіне алғаш кіретін азаматтарға арналған тестілеу бағдарламаларының заңнамалық актілер тізіміне өзгерістер енгізілді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарының күші жойылуына байланысты, осы Заңдарға арналған сұрақтар Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процестік кодексін білуге арналған тестілеу сұрақтарымен ауыстырылды.