Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 16
- 16.07.2021
- 16.07.2021, 18:00
Оспанова Кенжегүл 16.07.2021, 15:12, Сұрақ нөмірі: 10564
Мемлекеттик кызметти аткарып журип,баска жарияланган бос мемлекеттик кызмет орындарына жарияланган конкурстарга катысуга бола мА?
Қостанай облысы 16.July.2021, 15:14
Сәлеметсіз бе! Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 10-тармағына сәйкес конкурсқа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 16-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады. Соныменқатар, мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар белгіленген біліктілік талаптарына сай болуға тиіс (Заңның 17-бабы 1-тармағы). Осыған орай, біліктілік талаптарына сай болған жағдайда, Сіз мемлекеттік лауазымға орналасуға арналған конкурстарға қатыса аласыз.