«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы»

«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 29.07.2021, 10:00
  • 29.07.2021, 17:00

Карасаев Айбек 29.07.2021, 11:25, Сұрақ нөмірі: 10585

  • 0

Қызылорда қаласы, Махамбет ауылындағы №268 мектепте оқушыларға орын жеткіліксіз. Осы мәселе бойынша қандай жұмыс атқарылуда?

Қызылорда облысы 29.07.2021

2020 жылы Қызылорда қаласы Махамбет ауылындағы №268 орта мектебіне 200 орындық қосымша ғимарат құрылысын салуға жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылдың 28 қазанында сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2021 жылдың қаңтар айында аталған мектепке қосымша 200 орынға құрылыс салуға республикалық бюджеттен 442,0 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Конкурс нәтижесімен «SCS инжинринг» ЖШС мердігер мекемесі болып анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың сәуір айында басталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.