«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы»

«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 29.07.2021, 10:00
  • 29.07.2021, 17:00

Нұрланұлы Жалғас 29.07.2021, 11:41, Сұрақ нөмірі: 10586

  • 0

Арал ауданы Жақсықылыш ауылындағы денешынықтыру сауықтыру кешені құрылысы 2020 жылы басталған еді, қашан аяқтау жоспарланған?

Қызылорда облысы 29.07.2021

2021 жылға Арал ауданы Жақсықылыш ауылындағы денешынықтыру сауықтыру кешені құрылысын аяқтауға бюджеттен 104,0 млн теңге қаржы бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған.