«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы»

«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 29.07.2021, 10:00
  • 29.07.2021, 17:00

Карасаев Айбек 29.07.2021, 16:26, Сұрақ нөмірі: 10587

  • 0

Ауылымызға мешіт салу қажеттілігі туындауда. Осыған орай, ғибадат үйінің салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру процедурасы қалай жүргізіледі?

Қызылорда облысы 29.July.2021, 16:36

Рахмет сұрақ қойғаныңызға, Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығының 5 - қосымшасына Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.elicense.kz веб-порталы арқылы қызмет көрсетіледі.