«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы»
«Облыстағы құрылыс және сәулет саласы бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 29.07.2021, 10:00
- 29.07.2021, 17:00
Нұрланұлы Жалғас 29.07.2021, 16:55, Сұрақ нөмірі: 10588
Өңірде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуде қандай шаралар жүргізілуде?
Қызылорда облысы 29.July.2021, 16:56
Биылғы жылы барлығы 945 пәтерді құрайтын 54 жалға берілетін үйдің құрылысы жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Қызылода қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №4 кварталда 590 пәтерлі 12 көпқабатты тұрғын үй, Шиелі ауданында –72 пәтерлі 4 үй, Сырдария ауданында 3 бөлмелі,1 пәтерлі 33 бірқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізіліп пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласында 50 пәтерлі 5 үйдің құрылысы басталуда. 2021 жылдың қорытындысымен өңірде 695 пәтерді құрайтын 49 жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде,232 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, 463 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларына беріледі. Сонымен қатар, аз қамтылған көп балалы отбасыларына 342 пәтер сатып алу жоспарлануда.