Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ерекшеліктері

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ерекшеліктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 13.08.2021, 09:00
  • 13.08.2021, 13:00

Халел Әсел 13.08.2021, 11:42, Сұрақ нөмірі: 10594

  • 0

Сәлеметсіз бе! Бұл ӘРПК бірегейлігі неде және оны қабылдау азаматтардың өміріне не әкеледі?

Ақмола облысы 13.August.2021, 11:52

Қайырлы күн! Бірегейлік екі маңызды құқықтық институтты бір уақытта реттеуде жатыр: Әкімшілік рәсімдер мен сот ісін жүргізу. «Әкімшілік рәсім» бұл азаматтардың құқықтарын іске асырумен байланысты мемлекеттік органдардың кез келген қызметін біріктіретін жалпылама ұғым. Лицензия алу, тұрғылықты жері туралы анықтама алу, салық төлеу-мұның бәрі Әкімшілік рәсім. Азаматтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылатынын ескере отырып, ӘРПК азаматтарды қорғауды қамтамасыз ететін бірқатар қағидаттар мен рәсімдік кепілдіктер бар.