Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша интернет-конференция

Түркістан облысының азаматтарымен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бойынша интернет-конференция

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 17.08.2021, 10:00
  • 18.08.2021, 17:00

Рахымбек Аида 17.08.2021, Сұрақ нөмірі: 10599

  • 0

Сәлеметсіздерме! Менің сұрағым, 2020 жылы өңіріміздің қанша пайызы табиғи газбен қамтамасыз етілді? Алда қандай жоспарлар бар?

Түркістан облысы 17.August.2021, 15:43

Қайырлы күн! 2020 жылы 41 табиғи газ нысанының құрылысына 14,1 млрд.теңге бағытталып, жылдың қорытындысымен 23 нысанның құрылысы аяқталды. Қалған 18 нысан 2021 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен, 423 елді мекен (50,2 %) немесе 1 274,4 млн. халық (64,4%) табиғи газбен қамтылды 2021 жылы 35 нысанның құрылысына 7,7 млрд.теңге бөлінді. Соның ішінде 24 нысан (21 е.м) пайдалануға берілсе, ал, қалған 11 нысан (13 е.м) 2022 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен, 444 елді мекен (52,6 %) немесе 1 343,6 млн. халық (66,6%) табиғи газбен қамтамасыз етіледі.