Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша интернет-конференция
Түркістан облысының азаматтарымен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бойынша интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 17.08.2021, 10:00
- 18.08.2021, 17:00
Азимханова Молдир 17.08.2021, Сұрақ нөмірі: 10600
Қайырлы күн! Облыстағы аудан, ауылдардың қанша пайызы ауыз сумен қамтылған? Биылғы жылы қолға алынып, ауыз су жүйесі тартылған қанша елді мекендер бар? Ол үшін бюджеттен қанша қаржы бөлінген?
Түркістан облысы 17.August.2021, 15:45
Қайырлы күн! Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жылы 54 нысанның құрылысына 18,3 млрд. теңге қарастырылды. Бөлінген қаржыға су құбыры мүлдем жоқ 19 елді мекенге (17 662 халық) жаңа ауыз су құбырлары салынып, 5 елді мекеннің (9 262 халық) тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылды. Нәтижесінде, қамту деңгейі 92,1% немесе 690 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2021 жылға ауыз сумен қамтамасыз ету саласы бойынша 49 нысанның құрылысына 9,5 млрд.теңге бөлінді. Соның ішінде 28 нысан пайдалануға берілсе, қалған 21 нысанның құрылысы 2022 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен, 20 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылса, 14 елді мекеннің су құбырлары қайта жаңартылатын болады. Нәтижесінде, қамту деңгейі 93,3% немесе 710 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.