Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша интернет-конференция
Түркістан облысының азаматтарымен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бойынша интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 17.08.2021, 10:00
- 18.08.2021, 17:00
Азимханова Молдир 17.08.2021, Сұрақ нөмірі: 10601
Сонымен қатар, Түркістан облысындағы электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып өтсеңіз.
Түркістан облысы 17.August.2021, 15:47
Электрмен жабдықтау бойынша жалпы 843 елді мекеннің 827-і орталықтандырылған электр желісімен (98,3%, 1,97 млн. адам) 16 елді мекен (шалғайдағы елді мекендер-1,7%,1080 адам) дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген. 2020 жылы электрмен қамтамасыз ету саласын дамытуға 26 нысанның құрылысына 4,4 млрд. теңге қаралып, жылдың қорытындысымен 17 нысанның құрылысы аяқталып, 22 елді мекен және 4 мөлтек аудан (29,5 мың халық) тұрақты электр қуатымен қамтылды. Ал, қалған 9 нысанның құрылысы 2021 жылға өтпелі. 2021 жылы электрмен қамтамасыз ету құрылысына 2,8 млрд.теңге қаралып, 26 нысанның құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жыл қорытындысымен, 17 нысан пайдалануға берілсе, ал, қалған 9 нысан 2022 жылға өтпелі. Нәтижесінде 27,7 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылады.