Түркістан облысындағы транспорт саласы бойынша интернет-конференция

Түркістан облысының азаматтарымен транспорт саласы бойынша интернет-конференция өткізу

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 17.08.2021, 10:00
  • 18.08.2021, 17:00

Азимханова Молдир 17.08.2021, Сұрақ нөмірі: 10603

  • 0

Сәлеметсіздерме! Түркістан халықаралық әуежайында алдағы уақытта қандай әуе бағыттары жоспарлануда?

Түркістан облысы 17.August.2021, 15:36

Сәлеметсізбе! Бүгінде, Түркістан қаласының халықаралық әуежайы арқылы «Флай Арыстан» авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына аптасына 3 рейс, Түркияның Стамбул және еліміздің Атырау қалаларына аптасына 2 рейс жиілікпен әуе рейстерін орындауда. Алдағы уақытта қолданыстағы әуе рейстерінің кестелер санын көбейту, Ташкент және Бішкек қалаларына және еліміздің 10 қаласына (Қостанай, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Қарағанды т.б.) әуе бағыттарын ашу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Біріккен Араб Әмірлігінің «Виз Эйр» әуекомпаниясымен Абу-Даби-Түркістан әуе бағытын ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде.