Түркістан облысындағы транспорт саласы бойынша интернет-конференция
Түркістан облысының азаматтарымен транспорт саласы бойынша интернет-конференция өткізу
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 17.08.2021, 10:00
- 18.08.2021, 17:00
Көлібай Мәншүк 17.08.2021, Сұрақ нөмірі: 10604
Қайырлы күн! Менің сұрағым, қоғамдық көліктерді жаңарту бойынша қандай жұмыстар атқарылды?
Түркістан облысы 17.August.2021, 15:37
Сәлеметсізбе! Сұрағыңызға рахмет! Облыс бойынша 44 тасымалдаушы 1333 қоғамдық көлікпен тұрақты бағыттарға қызмет көрсетеді. Соның ішінде қоғамдық көліктердің 678-і немесе 50,8% пайдалану мерзімі 7 жылға дейінгі автокөліктер, 655-і немесе 49,2% 7 жылдан асқан автокөліктер. 2021 жылға облыс бойынша 120 қоғамдық көлік жаңарту жоспарланған. 2021 жылдың I тоқсанында 50 қоғамдық көлік немесе 42% (соның ішінде, 30-ы Түркістан қаласы) жаңартылды. Түркістан қаласының қалаішілік бағыттарына 2021 жылы заманауи қоғамдық көліктер алу бойынша инвестор-тасымалдаушы «ТехПрофАвто» ЖШС-гі тарапынан 50 дана автобус алу жоспарланып, бүгінде 30 автобус алынды және жаңадан ашылған 3 бағытқа қойылды. Қалған 20 автобус ағымдағы жылдың II тоқсанында әкелінеді.