Түркістан облысындағы транспорт саласы бойынша интернет-конференция
Түркістан облысының азаматтарымен транспорт саласы бойынша интернет-конференция өткізу
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 17.08.2021, 10:00
- 18.08.2021, 17:00
Көлібай Мәншүк 17.08.2021, Сұрақ нөмірі: 10605
Әлеуметтік маңызы бар автобус тасымалдарын субсидиялау бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?
Түркістан облысы 17.August.2021, 15:38
11.12.2020 жылы Түркістан облысының мәслихатымен 164 әлеуметтік маңызы бар ауданішілік (қалаішілік) айқындалған, соның ішінде 26 бағытқа 2021 жылға бөлінген субсидия көлемі 469,2 млн.тг. (қалаішілік бағыттарға Түркістан қ. 2 бағытқа - 410 млн.тг., Кентау қ. 3 бағытқа - 11,2 млн.тг., Ленгір қ. қалаішілік – 1 бағытқа 22,4 млн.тг., жалпы қалаішілік 6 бағытқа – 443,6 млн.тг.). Ал, ауданішілік 18 бағытқа 25,6 млн.тг. бөлінді. Бұл ретте, өткен жылмен салыстырғанда субсидия көлемі 408 млн.тг. жоғары.