Түркістан облысындағы транспорт саласы бойынша интернет-конференция

Түркістан облысының азаматтарымен транспорт саласы бойынша интернет-конференция өткізу

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 17.08.2021, 10:00
  • 18.08.2021, 17:00

Көлібай Мәншүк 17.08.2021, Сұрақ нөмірі: 10606

  • 0

Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билет жүйесін енгізу бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

Түркістан облысы 17.August.2021, 15:39

Түркістан қаласының қалаішілік бағыттарына заманауи қоғамдық көліктер алу бойынша инвестор-тасымалдаушы «ТехПрофАвто» ЖШС-гі тарапынан 50 дана автобус алу жоспарланып, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында 30 автобус алынып, жаңадан ашылған 3 бағытқа қызмет көрсетуде (оператор – Алемпэй ЖШС). Қалған 20 автобус алдағы 2 ай мерзімде әкелу жоспарлануда. Қоғамдық көліктерде төлемдер жүргізу SMS және QR арқылы (Қазақстандық барлық ұялы байланыс операторлар) және банк карталарымен валидаторлар арқылы төлемдер жүргізілуде. Қазіргі уақытта, қалаішілік қоғамдық көліктердің (231 автобус және шағын автобус) 30-на немесе 13% электрондық билет жүйесі енгізілген. Жыл соңына дейін 100% жеткізу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.