Туризм саласы бойынша интернет-конференция
Түркістан облысының азаматтарымен туризм саласы бойынша интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 17.08.2021, 10:00
- 18.08.2021, 17:00
Келестай Сәкен 17.08.2021, Сұрақ нөмірі: 10611
Туристік операторлық қызметке лицензия алу үшін қандай құжаттар жинау керек?
Түркістан облысы 17.August.2021, 15:26
Сәлеметсізбе! 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 «Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды жинап, толтыру қажет: - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес белгіленген нысанында заңды тұлғалардың лицензия алуға өтініші немесе 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында жеке тұлғаның лицензия алуға өтініші, электронды құжат түрінде; - ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; - Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны электронды құжат түрінде;