Туризм саласы бойынша интернет-конференция
Түркістан облысының азаматтарымен туризм саласы бойынша интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 17.08.2021, 10:00
- 18.08.2021, 17:00
Келестай Сәкен 17.08.2021, Сұрақ нөмірі: 10613
2020 жылы Түркістан облысында қандай ірі туристік инвестициялық жобалар жүзеге асырылды?
Түркістан облысы 17.August.2021, 15:31
2020 жылы пандемиялық және карантиндік шектеулерге қарамастан, облыста жалпы сомасы 15,6 млрд.теңгеге 10 туристік инвестиция жүзеге асырылды. Құрылған жұмыс орындары – 498 бірлік. Оның ішінде, Түркістан қаласында 121 нөміріне арналған 5 жұлдызды Rixos Turkistan қонақ үйінің құрылысы аяқталды. Жалпы сомасы 10,3 млрд. теңгені құрайды. Қонақ үй кешені 6 қабаттан тұрады, сыйымдылығы 1200 орындық конференц-залмен жабдықталған, сондай-ақ қонақ үй индустриясының халықаралық стандарттарына сәйкес салынған. Жалпы ауданы 3 га құрайды. Қонақ үйде 2 мейрамхана, банкет залы (Grand Ballroom), 2 конференц-зал, сауда-ойын-сауық кешені (ТРК), жабық жүзу бассейні, құрғақ және ылғалды сауна, түрік моншасы (хамам), косметикалық, емшара, спорттық Үй-жайлар, бес жұлдызды қонақ үйлерге қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес келетін басқа да объектілер мен құрылыстар көзделеді. Бұл қонақ үй Түркістан облысында халықаралық стандарттар деңгейінде қызметтердің толық кешенін ұсынатын алғашқы қонақ үй индустриясы нысаны болып табылады. Сонымен қатар, Түркістан қаласында жалпы сомасы 3,895 млрд.теңгеге "Hampton by Hilton" халықаралық стандартты 3 жұлдызды қонақ үйінің құрылысы аяқталды. Жұмыс орындары-144 бірлікті құрайды.