Туризм саласы бойынша интернет-конференция

Түркістан облысының азаматтарымен туризм саласы бойынша интернет-конференция

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 17.08.2021, 10:00
  • 18.08.2021, 17:00

Келестай Сәкен 17.08.2021, Сұрақ нөмірі: 10614

  • 0

Жалпы облыста туристік дамыту қандай бағыттарда жүргізіледі?

Түркістан облысы 17.August.2021, 15:33

Сәлеметсізбе! Туризм облыс экономикасының басым салаларының бірі болып табылады. Бірегей сәулет-тарихи және археологиялық ескерткіштері, таңғажайып табиғаты мен өзіндік мәдениеті бар өңіріміз өңірлік және халықаралық деңгейде туризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие. Жалпы, туризмді дамыту бойынша жұмыстар келесі бағыттар бойынша жүргізілуде: 1. Аймақтың туристік әлеуетін маркетингтік жылжыту: - Ел ішінде маркетингтік жылжыту; - Елден тыс маркетингтік жылжыту; - Ақпараттық-жарнамалық материалдарды әзірлеу; 2. Туристік инфрақұрылымды дамыту - зәкірлік жобаларды іске асыру; - жұмсақ инфрақұрылымды дамыту; 3. Қызмет көрсету сапасын жақсарту.