«Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір сұрақтары бойынша»

Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар мен өткеру мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 20.08.2021, 09:00
  • 20.08.2021, 17:00

Маужанов Алмат 20.08.2021, Сұрақ нөмірі: 10624

  • 0

Қайырлы күн! Мемлекеттiк қызметке енді тұрып жатырмын. Маған сынақ мерзімі орнатылады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.August.2021, 14:00

Қайырлы күн! Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген азаматтар үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен өту туралы шарттар мемлекеттік органның жұмысқа қабылдау туралы актісінде көзделеді. Қызметін бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не теріс себептер бойынша бұрын мемлекеттік лауазымнан шығарылған және мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кіретін азаматтарға сынақ мерзімі міндетті түрде белгіленеді.