«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы»
«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Жаманқұлұлы Шайдаров жауап береді.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 24.08.2021, 15:00
- 24.08.2021, 18:00
Оспан Зулгаппар 24.08.2021, 15:11, Сұрақ нөмірі: 10629
Ассалаумағалейкүм ! Қарағанды облысы , Нұра ауданы , Құланөтпес ауылы тұрғыны Ибраһимүлы Зұлғаппар . Біздің Нұра ауданы Құланөтпес ауылымыздың (аудан орталығынан 75 шақырымда орналасқан) жері шұрайлы мал шаруашылығымен айналысуға нағыз жайлы жер болып табылады. Жыл санап ауылымызда ауыл азаматтары қол қусырып қарап отырмай, егістікпен, жылқы, ірі қара мал сияқты бағыттарда шаруашылықтар ашып, істерін дөнгелетуде. Жылдан жылға мал басы да көбейіп жатыр, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған жеңілдіктердің арқасында техникаларын жаңартып, қора-қопсы, қойма тағы басқа құрылымдар тұрғызылуда. Ол өз кезегінде көзделген салықтардың арқасында бюджеттің түсімін ұлғайтуда және ауыл азаматтарын қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде. Алайда, бұл қуаныштарымыз ұзаққа бармайын деп тұр. Себебі жайылымдыққа, егістікке қарастырылған жер телімдері сырттан келген ауылға қатысы жоқ, оның үстінен ашқан шаруашылықтары да жоқ тұлғалардың қолында кетіп жатыр. Оған дәлел таяуда аудан бойынша өткізілген конкурстардың нәтижесін айтса болады, 500-1000 гектарлап ауылға қатысы жоқ адамдардын қолына өтті. Бұған дейін де өтіп кеткен жерлер жетерлік. Бұл дегеніміз тамыр таныс сыбайластықтын белен алып отырғаны. Оның ар жағында жемқорлықтын да исі сезіліп отыр.
Құрметті Әкім мырза Сізден өтініп сұрайтынымыз таяуда болған конкурс нәтижесіне толыққанды егжей-текжейлі тиісті тексерулер жүргізілуіне ықпал етуіңізді және ауылымызда орын алып жатқан жағдайларға бей-жай қарамай өз тарапыңыздан да бақылауға алуыңызды сұраймыз.
Қарағанды облысы 24.August.2021, 16:55
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рахмет. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру жөніндегі конкурстар Қазақстан Республикасы Жер кодексіне (43-1-бабы) мен Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі. Қағидалардың 22-тармағына сәйкес: Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің, құжаттардағы барлық қолдардың болуы тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексереді, бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімдерді бағалайды, салыстырады. Қағидалардың 24-тармағының талаптары бойынша: «Неғұрлым жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады». Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.