«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы»
«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Жаманқұлұлы Шайдаров жауап береді.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 24.08.2021, 15:00
- 24.08.2021, 18:00
Оспан Зулгаппар 24.08.2021, 15:26, Сұрақ нөмірі: 10633
Жерге байланысты заңнамаларға өзгерістер енгізілгенінен хабардармыз. Соның бірі ауыл манайындағы бұрын сонды жекелерге өтіп кеткен жерлер қайтарылуы тиіс делінген. Яғни ауылдың қарапайым адамдардың малдарын жаюға арналған жерлер болуы қажет. Осы бағытта Сіздермен қандай жұмыстар атқарылуда?
Мәселен, ауыл іргесінен не бары 5-6 км жерде орналасқан "ЖШС Қайнар" дың 1000 га егістігі тура мал жайлымының ортасында тұрғандықтан , қиындықтар туғызуда.
Қарағанды облысы 24.August.2021, 18:27
Сіздің округіңіз бойынша халықты жайылымдармен қамтамасыз ету қажеттілігі шамамен 15,0 мың гектарды құрайды. Осыған орай Құланөтпес ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтарымен жайылымдарды бірлесіп пайдалану туралы 15,9 мың гектарға меморандум жасалды.