«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы»
«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Жаманқұлұлы Шайдаров жауап береді.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 24.08.2021, 15:00
- 24.08.2021, 18:00
Калиаскаров Сымбат 24.08.2021, 15:42, Сұрақ нөмірі: 10634
Аулымызда (Нұра ауданы Құланөтпес ауылы) жаңадан отау құрған жастар дені баршылық. Олар ауылда құс, көкөніс т.б. шаруашылықтарын ашып айналысқысы ақ келеді. Алайда бөлінетін гранттар саны аз, немесе жекелеген бағыттар бойынша мүлдем қарастырылмаған. Осыған орай, қандай гранттар бағыттары бойынша біздің ауданға бөлінгені және ауылымзға бөлінген гранттың еншісін айтып өтсеңіз. Сондай-ақ, келер жылдары гранттар көлемін арттыру мен басқада бағыттарын қарастыру жоспарларыңызда бар ма? Рахмет!
Қарағанды облысы 24.August.2021, 17:31
Қайырлы күн! Жыл сайын облыс көлемінде жастар бойынша жобалар іске асырылуда. Шынында да, грант алуға үміткерлердің саны өте көп. Мысалы өткен жылы 100 грантқа 800-ден астам үміткер тіркелді. Бұл жобаның мақсаты жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу. 2020 жылы осы мақсатта облыс әкімінің жалпы сомасы 100 млн.теңгеге 100 гранты бөлінді. Гранттар ауылдық және қалалық жерлерде қатысушылар арасында 50/50 үлесімен бөлінді. (2019 ж. - 10 грант, 10 млн. теңге). Ағымдағы жылдың 14 тамызында Нұра аудандық газетінде және әлеуметтік желілерде аудан әкімінің грантына өтінімді қабылдау бойынша хабарлама берілді. Өтінім тамыздың 27-не дейін қабылданады. Жалпы 6 млн. теңге қаражат қарастырылған. Бүгінгі күнге Құланөтпес ауылынан өтініштер түскен жоқ. Айта кету керек, биылғы жылы да жастар кәсіпкерлігін дамытуға ағымдағы жылы 100 млн.теңге бөлінді. Ауылдық жерлерде жүзеге асырылып отырған жобалар негізінен мал шаруашылығы, үй құстарын өсіру, сүт өнімдерін өндіру, бау-бақша өнімдерін өндіру бағытында жүргізілуде. Бірақ, кез-келген сала бойынша тың идеялар болса грантты бөлетін комиссия қолдау білдіретін болады. Биылғы жылы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту грантына өтініштерді қабылдау қыркүйек айынан басталады. Толық ақпарат алу үшін Жастар саясаты басқармасына келесі мекенжай бойынша хабарласуларыңызға болады : Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі,4 үй. 110-112 кабинет. Байланыс номері: 87011222463