«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы»
«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Жаманқұлұлы Шайдаров жауап береді.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 24.08.2021, 15:00
- 24.08.2021, 18:00
Оспан Зулгаппар 24.08.2021, 15:50, Сұрақ нөмірі: 10636
Ауыл тұрғындарын толғандыратын тағы бір мәселе үстіміздегі жылы көктемнің басында мал өрісінде қынадай қырылған киіктердің өлекселерін ОХОТЗООПРОМ зарарсыздандырмады, бұл белгісіз індет болып ауыл тұрғындарының малы қырылса не істер едік ?! Сонымен қоса ауыл диқандары әупірімдеп еккен егінің 10 000 даған киіктер таптап жеп кетті, бұл мәселеде ешқандай тараптан көмек болмады, ауыл азаматтары өз күшетерімен күні түні айжүріп, басым көпшілігін әрең айдап шықты. Диқандардың шығының кім өтейді?!
Қарағанды облысы 24.August.2021, 18:22
Сұрағыңызға рақмет. Қызыл кітаптағы жануарлардың популяциясын сақтау мақсатында киіктерді атуға және аулауға тыйым салынады. Мұндай жағдайларды алдын алу үшін тиісті профилактикалық шаралар қабылданады.