«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы»
«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Жаманқұлұлы Шайдаров жауап береді.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 24.08.2021, 15:00
- 24.08.2021, 18:00
Балхашев Кахим 24.08.2021, 16:18, Сұрақ нөмірі: 10638
Құрметті Серік Жаманқұлұлы! Мен, Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Қарақұдық ауылының тұрғыны Балхашев Кахим. Біздің ауыл тұрғындарының аландататың мәселесі ауылымыздың болашағы мен дамуы. Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2019 жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы өз жұмысын бастады."Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда өмір сүрудің қолайлы ортасын құру бойынша бірқатар міндеттер шешілетін болады. Осы бағдарламаға Қарақұдық ауылы не себепті қосылмағандығы алаңдатады. Ауылымыз облыс орталығынан 25, аудан орталығынан 55 шақырым жерде орналасқан. Халық санының өсімі жылдан - жылға ұлғаюда. Мектеп оқушыларының өсу динамикасы байқалуда. Алайда, 1997 жылы салынған мектеп ғимаратында осы күнге дейін спортзалы аяқталмаған. Осы мәселемен облыстық білім басқармасының басшысы Г.Қожахметоваға өтініш жолдаған болатынбыз. Бірақ, осы күнге дейін жауап жоқ. Осы орайда Сізден ауылымыздың "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасына қосылуына өз тарапыңыздан ықпал етуіңізді сұраймыз!.
Қарағанды облысы 24.August.2021, 17:40
Құрметті Кахим Балхашев! Қарақұдық ауылында орналасқан Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Амангелді жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп ғимаратының жанында құрылысы аяқталмаған ғимаратта спорт залының құрылысы көзделген. Мектеп ғимаратын аяқтау үшін жобалық-сметалық құжаттама ағымдағы жылы дайындалды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша жұмыстар өткізілуде. Сараптама аяқталғаннан кейін бюджеттік қаражатты бөлу мәселесін қарастыру бойынша ұсыныс жасалады.