«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы»
«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Жаманқұлұлы Шайдаров жауап береді.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 24.08.2021, 15:00
- 24.08.2021, 18:00
Оспан Зулгаппар 24.08.2021, 16:52, Сұрақ нөмірі: 10641
Құрметті Серік Жаманқұлұлы сіз аудан әкім болған кезде қаланың диірмендерінен жеңілдетілген бағамен кебек алушы едік бұл ауыл тұрғындарына өте қолайлы еді, қазіргі таңда да сондай көмектер қайта қарастырылса жақсы болар еді, себебі жергілікті егістік иелері астықтарын бір түйірін қалдырмай өткізіп жібереді. Көрше ауылдардан қымбат болсада сатып алап жатқан жайымыз бар, бұл өз кезегінде мал мен құстың өсіміне кедергі жасауда, ( Құланөтпес ауылы)
Қарағанды облысы 24.August.2021, 19:07
Құрметті Оспан Зулгаппар, мал шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан түрлі мемлекеттік қолдау шаралары (субсидия беру) қарастырылған. Оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басы азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуды субсидиялау шаралары бар. Бүгінгі таңда бұл мәселе талқылануда.