«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі»

«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 26.08.2021, 10:00
  • 26.08.2021, 17:00

Ерлан Мадемхан 26.08.2021, 10:48, Сұрақ нөмірі: 10653

  • 0

Қызылорда-Жалағаш жолы қашан толық жөнделеді?

Қызылорда облысы 26.August.2021, 10:59

«Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолының (0-30 км, 30-60 км, 60-90,52 км) 91 шақырымын орташа жөндеу жұмыстарының жалпы құны 3,1 млрд. теңге, 2021 жылы республикалық бюджеттен 1,055 млрд. теңге бөлініп, аталған жолдың ең нашар деген учаскелері жөнделуде (Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданы шекарасынан Тереңөзек кенті кіре беріс қиылысына дейін, Жалағаш кенті республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автомобиль жолына дейінгі аралық). Қалған 61 шақырымы 2022 жылы толық жөндеуден өткізеледі.