«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі»

«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 26.08.2021, 10:00
  • 26.08.2021, 17:00

Мұрат Саламат 26.08.2021, 11:44, Сұрақ нөмірі: 10658

  • 0

«Самара-Шымкент-Жеміс-Жидек» автокөлік жолының бойындағы, Телікөл ауылына кіретін көпір тұрғындардың аудан орталығына қатынауына қиындықтар туғызып отыр. Осы көпір құрылысы қашан салынады?

Қызылорда облысы 26.08.2021

Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жеміс-Жидек» автомобиль жолының 14,2 шақырымында орналасқан апаттық жағдайдағы көпірді күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптама қорытындысын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаның болжамды құны 353,2 млн.тг. Тиісті құжаттары толық рәсімделіп дайын болғаннан кейін, аталған жобаның құрылыс жұмыстарын бастауға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен тиісті сала министрліктеріне ұсыныс берілетін болады.