«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі»

«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 26.08.2021, 10:00
  • 26.08.2021, 17:00

Әби Гүлнұр 26.08.2021, Сұрақ нөмірі: 10659

  • 0

Қорқыт ата әуежайының жолаушылар терминалы қашан салынады?

Қызылорда облысы 26.08.2021

Қазіргі таңда әуежайдың қолданыстағы жолаушылар терминалын кеңейту мақсатында жобалау сметалық құжаттамасы(ЖСҚ) әзірленіп, 16.06.2021 жылы мемлекеттік сараптамадан №01-0308/21 оң қорытынды алынды. ЖСҚ-ға сәйкес жобаның құны - 1,7 млрд. теңгені құрайды. Жобаға сәйкес, терминалдың жалпы ауданы қазіргіден 2 есеге, (шамамен 1400 шаршы метр) кеңейіп, жолаушылардың ұшып келу және ұшып кету ғимараттары бөлек болады. Кеңейтілген әуежай терминалында барлық халықаралық стандарт талаптарына сай жолаушыларға қызмет көрсетуге қажетті жағдайлар қарастырылады. Құрылыс жұмыстарын бастау үшін бүгінгі таңда РБ және жеке инвесторлардан қаржы тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын Іске асыру мерзімі 2021 – 2022 жж.