«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 26.08.2021, 09:00
- 26.08.2021, 18:30
Қолдас Әсем 26.08.2021, 14:57, Сұрақ нөмірі: 10660
Жеке басында жылжымайтын мүлкі бар не жоғын ЦОН-нан арнайы кезекке тұрмай ақ (брондамай) барып алуға болады ма? Және онлайн Egov.kz электрондық порталынан алуға болады ма ?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.August.2021, 15:16
Құрметті Қолдас Әсем, қазіргі таңда "Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі тек қана Egov.kz "Электрондық үкімет" порталында қолжетімді. Яғни, бұл қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұсынылмайды. Анықтамны онлайн алу үшін: 1.Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз. 2.Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет). 3.Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.