«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 26.08.2021, 09:00
- 26.08.2021, 18:30
Қолдас Әсем 26.08.2021, 15:05, Сұрақ нөмірі: 10661
АСП-ға қандай құжаттар қажет ?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.August.2021, 15:47
Құрметті Қолдас Әсем,"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2021 жылғы 1 наурыздан бастап Egov.kz «Электрондық үкімет» порталы аркылы көрсетіледі. Қызметті онлайн алу үшін: 1.Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз. 2.Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет). Өтінімде «Қазпошта» АҚ-да, «Халық Банкі» АҚ-да ашылған жеке шоттың (IBAN) нөмірін көрсету қажет.