«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 26.08.2021, 09:00
- 26.08.2021, 18:30
Рахметуллақызы Айсұлу 26.08.2021, 16:17, Сұрақ нөмірі: 10662
Егер Қазақстан азаматының жоғары білімі бар алайда қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте емес,жеке кәсіппен айналысатын жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданған уақытта қандай лауазымнан бастау алады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.August.2021, 16:44
Құрметті Рахметуллақызы Айсұлу, конкурсқа қатысуға 35 жастан аспаған, жоғары білімді және кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі. Резервке тағайындаулар резервке алынған тұлғалар қатарынан, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де тұлғалар қатарынан жүзеге асырылуы мүмкін.