«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 03.09.2021, 15:00
  • 03.09.2021, 17:00

Құдайберген Айкерім 03.09.2021, 15:54, Сұрақ нөмірі: 10666

  • 0

Cаламатсыз ба! Тесттен өтіп, мем.қызметке тағайындалсам. Менің педагогикалық еңбек өтілім, мем.қызметтегі еңбек өтіліме теңестіріле ме?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 03.September.2021, 16:03

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 1-бабы 6) тармашасымен мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi деп айқындалған. Осыған байланысты, педагогикалық еңбек өтіліңіз мемлекеттік қызмет өтіліне есептелмейді.