Тауарларға іліспе жүк құжаттарын енгізу

«Тауарларға іліспе жүк құжаттарын енгізу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Мұстафин Ержан Маратұлы жауап беретін болады

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 06.09.2021, 10:00
  • 10.09.2021, 17:00

Мукатов Серик 07.09.2021, 20:39, Сұрақ нөмірі: 10670

  • 0

Тауарларға және олардың құжат айналымына ілеспе жүк құжаттарын ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру ережелерінде өзгерістер болады ма?

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 09.09.2021

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар (бұдан әрі - ТІЖ) мен олардың құжат айналымын рәсімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Ережелерімен мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - Ереже). Пилоттық жоба кезің-кезеңдермен салық төлеушілердің топтары бойынша жүргізіледі. Осы ретте, бірінші кезеңде пилотқа «Виртуалдық қойма» модулімен ЭШФ АЖ-де жұмыс тәжірибесі бар барынша дайындалған салық төлеушілер қосылған. ТІЖ-ды прилоттық қолдану салық төлеушілерден ТІЖ-мен жұмысты жақсарту бойынша кері байланыс алу пен ұсыныстар алуға мүмкіндік береді, оларды қарау нәтижелері бойынша іске асырылған функционал жетілдіріледі. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 253 және 2021 жылғы 04 маусымдағы №531 Бұйрықтарымен салық төлеушілердің ұсыныстарын ескере отырып, Пилоттың мерзімдерін ұзарту және ТІЖ-ды рәсімдеу қағидаларын өзгерту бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өргерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, Ережелерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар болған жағдайда, мүндай ұсыныстарды қарауға дайын екенімізді хабарлаймыз.