Көлік саласындағы проблемалық мәселелерді шешу және автомобиль көлігі инфрақұрылымын дамыту

«Көлік саласындағы проблемалық мәселелерді шешу және автомобиль көлігі инфрақұрылымын дамыту» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгінов жауап береді.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 17.09.2021, 09:00
  • 17.09.2021, 15:00

Мухамеджанова Жанна 17.09.2021, 09:50, Сұрақ нөмірі: 10676

  • 0

Сәлеметсіз бе! Кенен Әзірбаев және Жүргенов көшелерінің бойында бағдаршамдар қойылған, бірақ әлі де іске қосылмаған. Қай уақытта бағдаршамдар іске қосылады? Ол жерде балаларға мектепке барып келуі аса қауіпті, сонымен қатар ол жерде оқыс оқиғалар болуы ықтимал.

Астана қаласы 17.September.2021, 16:17

Құрметті Мухамеджанова Жанна! Қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысқаныңыз үшін алғыс айтамын! «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту» мемлекеттік мекемесімен «№ 14 көшеден № 41 көшеге дейінгі учаскеде Баянтау көшесінің құрылысы» жобасы іске асырылуда. Бүгінгі күні объект пайдалануға тапсырылмаған, аталған учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстары қазан айының сонына дейін аяқталады, осы мерзімнен кейін бағдаршам объектісі іске қосылатын болады.